Әдебиет бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы америкалық ақын Луиза Глюкке бұйырды. Марапаттау рәсімі Нобель комитетінің YouTube арнасында көрсетіледі, – деп хабарлайды The Guardian.
Швеция академиясы Нобель комитетінің өкілдері Луиза Глюкке бұл премияның «қайталанбас поэтикалық дауыс, адамның жеке уайымын адамзаттық дәрежеге жеткізгені» үшін тағайындалғанын айтты.
Глюк – Американың өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Америка ақындары академиясының канцлері (1999), көптеген марапат иесі, оның ішінде поэзиясы үшін Пулитцер сыйлығы (1993) мен Уоллес Стивенс премиясын (2008) иеленген. Ол «Бақ» (1976) және «Ауыл өмірі» (2009) жыр жинақтарымен оқырманға жақсы таныс. Алғаш жинағы 1968 жылы «Тұңғыш» атауымен жарық көрген.
Ол 1943 жылы Нью-Йоркте Аустрия-Венгриядан шыққан еврей отбасында туған. Ол Сарра Лоуренс колледжінде және Колумбия университетінде оқыды, бірақ диплом ала алмаған. Кейінірек Уильямстаундағы Уильямс колледжінде ағылшын тілінен сабақ берген, сонымен қатар Йельс, Бостон және Айов университеттерінде оқытушы болған.
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері 597 рет тағайындалған. 950 адам мен ұйым лауреат атанған. Салтанатты табыстау рәсімі дәстүрлі түрде ғалым Нобельдің туған күніне орай 10 желтоқсан күні өтеді. Әдетте Стокгольм филармониясында өтетін жиын биыл пандемияға байланысты диплом мен медаль онлайн форматта табысталмақ.
Бұл жолы әр номинация бойынша жүлде қоры 10 млн швед кронына (шамамен $1,11 млн) бағаланған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы