Кешелі бері Қырғызстан астанасындағы күштік құрылымдар мен наразылардың қақтығысынан кейін, Бішкек уақытымен сағат 11:00-де мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.
Сарапшылардың көбі «үшінші революцияға» балап отырған сайлау қорытындысына қарсы тараптардың баскөтеріуі алдағы уақытта қалай жалғасары әзірге белгісіз. Бүгін Ақ үйдегі кеңсесіне бара алмаған Қырғызстан президенті әлеуметтік желілердегі өзінің ресми парақшасында елдегі саяси топтарға қарата бейне-үндеу жолдады.
«Құрметті отандастарым!
Кеше түнде кейбір саяси күштер мемлекеттік билікті заңсыз тартып алу әрекетіне барды.
Сайлауды сылтауратқандар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды.
Қала тұрғындарының тыныштығына қауіп төндірді.
Тәртіп сақшыларына бойсұнбай, медқызметкерлерді сабап, ғимараттарды талқандады.
Күштік құрылымдарға бірде-бір азаматтың өміріне қауіп төнбесін, қан төгілмесін, оқ қолданбаңдар деп бұйрық бердім.
Қазіргі уақытқа дейін жағдай ушықпас үшін мүмкін болған шаралардың бәрін жасадық.
Мемлекеттің тыныштығы мен қоғамдағы тұрақтылық әрқандай депутаттық мандаттан жоғары тұратынын ескереміз.
Мен Орталық сайлау комиссиясына заңбұзушылықтарды тереңінен анықтап, қажет болса сайлау қорытындысын жоққа шығаруға ұсыныс білдірдім.
Саяси партиялардың басшыларына өз жақтастарын тыныштандырып, топтасқан жерлерден шығаруын сұраймын.
Барлық жерлестерімнен тыныштықты сақтап, арандатушы тараптарға алданбай, заңсыз әрекеттерге бармауын сұраймын.
Өлкеміздің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігі – бәрінен қымбат.
Барлық күштерді еліміздің тағдырын саяси амбициялардан биік қойып, құқықтық алаңға қайтуға шақырамын», – деді V президент Жээнбеков.
Өткен жексенбіде, 4 қазан күні Қырғызстанда Парламент сайлауы өткен. ОСК-нің 4 қазан түнгі 23:30-дағы болжалды есебіне сәйкес, «Биримдик» партиясы – 24,5%, «Мекеним Кыргызстан» – 23,9%, «Кыргызстан» – 8,7%, «Бүтүн Кыргызстан» – 7,0% дауыс жиған. «Мекенчил» 6,8%, «Республика» 5,8%, «Ата Мекен» 4,0%, «Ыйман нуру» 3,3%, «Бир Бол» 3,0%, «Чоң Казат» 2,3%, «Замандаш» 2,1%, «Социал-демократтар» 2,1%, «Реформа» 1,6%, «Мекен Ынтымагы» 0,6%, «Ордо» 0,2% және «Ауғанстан ардагерлері» 0,1% дауыс жиған. Сайлаушылардың 1,8%-ы бәріне қарсы дауыс берген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр