6 қазанда Брюссельде өтетін Еуроодақ-Украина саммитінде Беларусьтегі ахуал негізгі тақырып болады. Бұл туралы ЕО-ның жоғары лауазымды өкілі мәлімдеді.

Беларусьтегі жағдайды Еуропалық одақ өкілдері Украина президенті Владимир Зеленскиймен талқыламақ. ЕО өкілі алдағы саммиттің күн тәртібіне Таулы Қарабақтағы жанжал мен «Шығыс серіктестігі» бағдарламасына қатысты пікірталастар болатынын да атап өтті.

Беларусь елінде 9 тамыздағы сайлаудан кейін елде билікке деген наразылық өршіп кетті. Елдегі ОСК Лукашенокны 80 пайызға жуық дауыспен жеңді деп жария еткеннен кейін, оппозиция мен елдегі халық билікке деген ызалы көңіл-күйін ашыққа шығарды. Күшпен жаныштауға қарамастан ел орталығында соңғы тәулікте бірнеше жүз мыңдаған адам ереуілге шыққан.

Сайлаудан кейін елде жаппай наразылық орын алып, Еуроодақ пен Америка ширек ғасыр билік еткен Лукашенконың жеңісін мойындаудан бас тартты. Сонымен қатар ЕО құрамындағы 27 мемлекет Беларуське санкция енгізу мәселесін қарастырды. Лукашенконы «айқын жеңісімен» құттықтаған елдер қатарында Қытай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан бар.

Беларусьте сайлауға дейін мерзімінен бұрын дауыс беру өтті. Мұндай норма ел заңымен қарастырылған, бірақ құқық қорғаушылар мен халықаралық бақылаушылар бұл әдісті қатаң сынға алды. Олардың пікірінше, үкімет дауыс беру нәтижелерін қолдан жасау тәсілін пайдаланған.

Литва болса Беларусьтағы оқиғаларда Ресейдің әскери араласуы да бар болуы мүмкін деген пікірді жария еткен еді. Канцлер Меркель мен президент Науседе арасындағы сөйлесуде Беларусь мәселесі көбірек тілге тиек етілген. Берлин тарабы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық және ортақ құндылықтардың қорғалуы тұрғысында Беларусь жағдайына баса назар аударып отырғанын жеткізді.

5 қыркүйекте «Аррия формуласы» бойынша дүниежүзілік ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің бейресми отырысында Беларусь ахуалы талқыланып, Светлана Тихановская мәлімдеме жасаған. Оппозиция өкілі Тихановская БҰҰ-дан көмек сұрап, билік ауыспайынша, наразылық шерулері басылмайтынын айтты.

"The Qazaq Times"