War on rocks порталының хабарлауынша, Жапония үкіметі Қытайға Сенкаку аралдарына (Дяоюйда аралдары) арналған ресми сайтты қытайлық тараптың құруына байланысты наразылық білдірген. Ресми Токио Бейжіңнің бұл әрекетін «халықаралық заңға қайшы» деп бағалады.
Баспасөз маслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Катсунобу Като: «Біз дипломатиялық топтар арқылы наразылық білдіріп, сайтты алып тастау туралы талап қойдық. Тарихи және халықаралық құқыққа сәйкес Сенкаку аралдары Жапония аумағы екенін ескертеміз», –деді.
Жапония тарапы дәл осы мәселе бойынша маусымда Қытайға наразылық нотасын жолдаған. Жапонияның шағымынан кейін, АҚШ Қытайға ескерту жасады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Майк Помпео:«Біз Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізін жеке меншік теңіз империясы ретінде қарастыруына жол бермеуіміз керек. АҚШ үкіметі осы мәселе бойынша мәлімдеме жасайды», – деп мәлімдеген.
Маусымның басында Қытай СІМ өкілі Чжао Лицзян АҚШ билігі Бейжіңнің аумақтық дауларына араласуға құқығы жоқ деп мәлімдеген. Дипломаттың айтуынша, «Бейжіңнің Оңтүстік Қытай теңізіне иелік ету құқығы бар және ол тарихи түрде Қытайдың аумақтық бақылауына қарайды».
25 маусымда Жапония үкіметі Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку (Диаоюдао) аралдарын «жекеменшіктеп алған» Қытай билігіне наразылық білдірген болатын. Токио мәлімдемесінде: «Сенкаку аралдары тарихи жағынан да, халықаралық құқық бойынша да бізге тиесілі. Қытай өз территориясы ретінде жекеменшіктеп ала алмайды. Осы ретте біз Қытай билігіне наразымыз», – делінген.
1895 жылы империялық Қытаймен соғыста жеңіске жеткен соң, Сенкаку аралдары мен Тайуань Жапония құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін Токио Тайуаньға басшылық ету құқығынан бас тартты. Ресми Бейжің Сенкаку аралдарын да иеленгісі келеді. Алайда, Жапония үкіметі бұл аралдар соғыс нәтижесінде аннексияланбады дейді.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті