Германия халқы жыл сайын дәстүрге айналған «Бірлік күнін» атап өтті. Биыл атаулы күнге 30 жыл толып отыр. Бұл туралы Berlin.de сайты хабарлады.
Мерейтойға орай басты салтанатты шара Потсдам қаласында өтті. Оған президент Штайнмайер мен канцлер Ангела Меркель қатысты. Коронавирус пандемиясына байланысты, шағын ғана концерттер ұйымдастырылды. Қалада Германия тарихын бейнелейтін мониторлар қойылған.
1990 жылдың 3 қазанында бұрынғы Герман Демократиялық Республикасына кірген бес жер – Бранденбург, Мекленбург-Померания, Саксония, Саксония-Анхальт және Тюрингия Германия Федеративтік Республикасына қосылған (ГФР). Осы ретте Бірлік күні ортаға қабырға салып, көптеген жылдар бөлек тұрған немістер бір ту астына жиналады.
Сарапшылардың еспетеуіне сүйенсек, Германияның бірігу процесіне өткен кезеңде шамамен 2 трлн еуро жұмсалған. Аталған сома ішінде экономиканың дамуына арналған барлық шығындар – әлеуметтік қамсыздандыру қорларына аударымдар мен зейнетақы төлемдері, Еуроодақ субсидиялары, қаржылық көмек, т/б бар. Ал 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін жұмсалған қаржы 560 млрд еуроға жеткен.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті