Таулы қарабақ мәселесі қазіргі таңда әлем назарын аударған мәселе болып отыр, соңғы күндері шағын таулы аймақта күрделі әскери саяси өзгерістер болып үлгерді. Әзірбайжанның оңтүстігіндегі Хорадиз қаласында армяндардың қаруынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды деп Әзірбайжан прокуратурасы хабарлаған. Әзірбайжан этникалық армян күштері Мадагиз бағытында шабуылдар жасау арқылы жоғалған жерлерін қалпына келтіруге тырсқан, бірақ Әзірбайжан әскерилері шабуылға тойтарыс берген.
Сәрсенбідегі қақтығыстарда армяндық БАҚ Таулы Қарабақтағы Мартакерт қалашығында оқ атудан үш бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жараланды деп хабарлады. Армения Әзірбайжан армиясы түн ішінде бүкіл майдан шебін атқанын және Азірбайжанның екі дроны Таулы Қарабақтың үстінен атып түсірілгенін айтты. Армения өзінің СУ-25 әскери ұшақтарының бірін сейсенбі күні түрік истребителі атып түсірді деп мәлімдеді, бірақ бұл хабарды Түркия мен Әзірбайжан тарабы жоққа шығарды.
Түркия тарабы
Бұған дейін Түркия президенті Ердоған бауырлас Әзірбайжан елін ашық түрде қолдап, керек болған жағдайда көмек көрсететінін мәлімдеген болатын. Осы түста Сүрияда жүрген 4000-ға тарта түрік сарбаздарын Әзірбайжанға көмекке келгені туралы Армения тарабы хабарлады, алайда бұл ақпаратты Анкарра мен Баку жоққа шығарды.
Қарабақ қақтығысы басталған шақта дауға Ердоған араласып бауырлас елін қолдайтынын айтты. Осы тұста армиян тарабы Путиннан көмек сұрады. Бұл дауға екі ірі держава араласып соғыс салдарынан халық зардап шегуі және әлемдік мұнай-газ саласы сынды бір қатар мәселе мен қоса аймақтың тұрақсықдыққа апарып соғама деп әлем елдері алаңдаушылық білдіріп отыр.
Сәрсенбіде Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт президент Ердоғанның сөзін қайталай отырып, Әзірбайжан сұраса, Анкара әскери қолдау көрсете ме, жоқ па деген сұраққа «біз қажет нәрсені жасаймыз» деді.
Кейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айттып, Баку әзірге әскери көмекке мұқтаж емес деді. Егер армян күштері «біздің жерімізді босатып шықса, атыс тоқтайды », - деді ол.
Түркияның НАТО-дағы кейбір одақтастары Анкараның Әзірбайжанның ішінде бөлінген аймақ, бірақ ешбір ел оны тәуелсіз республика ретінде мойындамайтын Таулы Қарабаққа қатысты ұстанымына алаңдаушылық білдіруде.
Ресей тарабы
Сейсенбіде Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескен Армения премьер-министрі Никол Пашинян посткеңестік қауіпсіздік шарты бойынша Ресейден көмек сұрағанын айтты, бұны Ереван тарабы жоққа шығармады. Кремль Ресей әскерилері бұл оқиғаларды мұқият қадағалап отырғанын айтты.
Бейсенбіде Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан мен Таулы Қарабақ аймағындағы этникалық армян күштері арасындағы қақтығысты тез арада тоқтатуға шақырды. Француз бен орыс билігі Түркияның Таулы Қарабаққа Сириядағы сарбаздарын жіберу туралы әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді.
Сонмен қатар, өткен тәулікте Ресейдің сыртқы істер министрлігі, сирия және ливиядағы заңсыз қарулы топ күштері Таулы Қарабақ аймағына жіберіліп жатқанын хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлерін келіссөздер жүргізу үшін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Ол екі сыртқы істер министрлерімен де жеке телефон арқылы сөйлесіп әскери қақтығысты тоқтатуға шақырған.
Лавров ресми Мәскеу қақтығыста бейтараптықты сақтап Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Минск тобының басқа елдерімен бірлесіп жұмыс істей беретіндігін айтты.
Париж, Мәскеу және Вашингтон бастаған елдер қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қалайтынын мәлімдеді, бұл қатарда елімізде екі елді бейбітшілікке шақырды. ЕурОдақтың көшбасшы елдері де бұл мәселені осы аптаның соңында өтетін саммитте де талқыламақ.
Таулы Қарабақ мәселесі Әзірбайжан мен Армения үшін ғана емес, өңірге өз ойын ережесін орнатқысы келетін аймақтық державалар үшін де маңызды. Оңтүстік Кавказ өңірінде жаңа ойын алаңы ашылуы ең алдымен Ресей үшін тиімсіз болары даусыз. Беларусь, Украина, Балтық елдері, Сүрия мәселелері Ресейдің территориясын дау-дамаймен қоршап келе жатқандай. Енді қақтығыс және дау-шар Ресей жеріне біртабан жақындап Оңтүстік Кавказ маңына келді. Бұл Мәскеудің ұйқысын шайдай ашатын оқиға. Солайда, Кремль өзінің аймақтағы позициясын бермейтінін көрсетіп, қасарып бақпақ. Дегенмен, айналасындағы елдер мен аймақтардың позициясын күтіп, әліптің артын бакғып отырғанға ұқсайды. Ал, Түркия болса өзінің аймақтың держава ретінде делелдеудің тағы бір орайы туғандай, Таулы Қарабақ дауына белсенділік танытып отыр. Тіпті, Әзірбайжанға барлық ресурстары арқылы көмек беретіндерінде ашық білдірді. Бұнысы өзіне берілген және сенімді бауырлас елімен толық шекраласып, Орталық Азия мен Парсы шығанағына, қала берді Оңтүстік Кавказ бен Каспий өңіріне жақын аймақта өзінің ықпал көлемін асыруды көздесе керек.