Қыркүйек айының соңғы күні елде 71 адамнан коронавирус, 179 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Үкімет статистикасы бойынша, қыркүйек айында коронавируспен ауырғандар тамызға қарағанда 7 есеге, коронавирус пневмониясы 12 есеге азайған. Ал коронавирустан қайтқандар саны 40%-ға өсіп, пневмония құрбандары 78%-ға кеміген. 

#Коронавирус 30 қыркүйек коронвирус жұқтырған 63 адам айығып шықса, 3 адам өмірден өткен. Ал жаңадан тіркелген науқастардың ең көбі – әдеттегідей ШҚО (16) мен астанада (10). Сондай-ақ, Шымкент қаласы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында науқас мүлдем тіркелмеген.

ДенМиннің ресми мәліметінше, емделіп жатқан 3 308 адамның 1813-і ауруханаларда. Ал қалған 1495 науқас амбулаториялық терапияда. Олардың арасында 59 бала бар. Ахуалы нашарлаған 94 науқастың арасында 13 адамның жағдайы қатты қиындаған. Және 21 пациент жасанды аппаратпен тыныстап жатыр.

Республика бойынша барлығы 107 979 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 103 мыңға жуық. Бұл жалпы науқастардың 90%-дан астамы.

#Коронавирус_пневмониясы Сонымен қоса, сәрсенбі күні коронавирус пневмониясына шалдыққан 179 адам, екі өлім жағдайы тіркелген. Бірақ олардың қаншасы қай аймақтан екені белгісіз. ПТР тесті теріс қорытынды көрсеткенімен, коронавирус салдарынан қабынған ақөкпе ауруының аймақтарға таралу дерегін тұрақты түрде жариялауға уәде еткен министр Алексей Цой да, оның көмекшісі, ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов те сөзін бұрмалап, әр он күн сайын жариялауға көшкен. Коронавирус пневмониясының өңірлердегі күнделікті динамикасы белгісіз. Қоғамда биылғы 256 мың пневмония жағдайын есепке қоспай, жалпы статистиканы шілдедегі қырғыннан кейін жүргізе бастаған Үкіметтің есебіне күмәнмен қарайтындар көбейген.

#Сөйтсе... Тамыз айында 15,5 мың адам ауырып, 101 адам қайтқан. Ал ресми жаңа форматта есептеле бастаған коронавирус пневмониясына сегізінше айда 25,7 мың адам шалдыққан әрі 292 қазақстандық өмірден өткен. Коронавирус пневмониясының өсім көрсеткіші 0,55% болса, коронавирустікі 0,07%.

ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда ауырғандардың саны 140 мыңнан асқан. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.

Тамыз айында ПТР тесті арқылы вирусы расталған коронавирустан (КВИ+) 15,5 мың адам ауырып, 101 адам қайтқан. Сонымен бірге, ресми жаңа форматта есептеле бастаған коронавирус пневмониясына (КВИ-) сегізінше айда 25,7 мың адам шалдыққан әрі 292 қазақстандық өмірден өткен.

Ал бұл көрсеткіштер қыркүйек айында КВИ+ бойынша 2 мыңнан астам, КВИ- диагнозымен 7 мыңнан астам адам ауырған. Қыркүйек айында коронавирустан қайтқандар 40%-ға артып, 140-қа жеткен. Мұның пневмониясынан 63 адам қайтыс болған.

Мерзімі COVID-19 аурулары Ауырғандар Қайтқандар
1-31 тамыз Коронавирус / КВИ+

 

Коронавирус пневмониясы / КВИ-

15 505

 

25 724

101

 

292

1-30 қыркүйек Коронавирус / КВИ+

 

Коронавирус пневмониясы / КВИ-

2 107

 

7 254

140

 

63

Пандемия басталғалы жалпы жиыны вирус жұққандардың 2665-і (КВИ+ / U07.1 – 1 734, КВИ- / U07.2 – 355, ілеспе аурулардан – 576) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 576 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.

“The Qazaq Times”