Қазақстанның Шығыс өңіріндегі Қатонқарағай ауданында қарымды қаламгер марқұм Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш қойылды.
Биыл жазушының туғанына 70 жыл толуына орай туған жерінде арнайы салтанатты жиын өтті. Белгілі қаламгердің ұлы, қоғам белсендісі Дәулет Әшімханның бастамасымен өткен шарада ұлт презенті Дидағаңның рухына арнап еске алу әрі мерекелік шара ұйымдастырылды.
Бес жыл бұрын 64 жасында дүниеден озған жазушы 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.
Қазіргі ҚазҰУ, сол кездегі Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған Д.Әшімханұлы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (1975–1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған. Кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») (1978–1980), «Қазақ әдебиеті» (1980–1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» (1992–1994) газетінде бас редактордың орынбасары, 1994 жылы халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
«Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті және «Алаш» баспасының директоры қызметін атқарды.
«Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсағай сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000), «Әңгіме емес әңгімелер» атты әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы.
Шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, А. Курчаткин, Т. Минулмен, А. Аширов, Х. Абдуллин, П. Пурзверу шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Республикалық «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. 2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері атанған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі