Жақында ғана бас редакторы алмасқан «Жас Алаш» газетінің редакциясында тағы да кадрлық жаңарулар болып жатыр. Ғасырлық тарихы бар әрі республикалық тәуелсіз басылым ретінде аталатын газеттегі бұндай өзгерістер көзқарақты оқырманын елең еткізгені белгілі. Ал, бүгін жазушы, белгілі журналист Ырысбек Дәбей «Жас Алаш» газеті редакторының орынбасары болды.
Ырысбек Дәбей бұл туралы мәліметті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растаған. Ол «Фейсбук» парақшасында Инга Иманбай «көтерген жүктің бір жағын демесуге шешім қабылдағанын» жазған болатын.
Ырысбек Дәбей бұған дейін әдебиет оқырмандарына «Әкелеріміз айтатын әңгіме», «Мөлтіл», «Жылқы атылған жаз» қатарлы бірқатар сүбелі туындыларын ұсынған болатын. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасын арқау еткен «Қоңыз» кітабы былтыр желтоқсан айында тұсауы кесіліп оқырманға жол тартқан болатын. Тәуелсіз жылдарымыздың қара дағы іспетті тарихи оқиғаны арқау еткен шығарма зиялы қауым ортасында өз алқауын да алған.
Қаламгер, белгілі журналист әріптесіміз Ырысбек Дәбейді жаңа орнымен құттықтай отырып, қазақ ақпарат кеңістігінде орыны бөлек басылымның ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз!


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді