АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 27 қыркүйектен 2 қазанға дейін Еуропа елдеріне іссапармен барады. Ресми кездесулер Грекия, Италия, Ватикан және Хорватияда өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Грекияда Мемлекеттік хатшы премьер-министр Кириакос Мицотакиспен және сыртқы істер министр Никос Дендиаспен кездесіп, Шығыс Жерорта теңізінде қауіпсіздікті талқыламақ. Сапар аясында ғылым және технологиялар туралы келісімге қол қойылады, сондай-ақ энергетика секторының өкілдерімен энергетиканы әртараптандыруды және инфрақұрылымдық жобаларды талқылайды.
Римде Помпео премьер-министр Джузеппе Контемен коронавирусқа қарсы күрес шаралары, жалпы қауіптер және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды. Ал Ватиканда Мемлекеттік хатшы 30 қыркүйекте дін бостандығы туралы симпозиумда мәлімдеме жасамақ.
Турненің Хорватиядағы бөлігі премьер-министр Андрей Пленковичпен және СІМ басшысы Гордан Радманмен кездесулерді қамтиды. Тараптар Балқандағы қорғаныс ынтымақтастығын, инвестициялар мен елдегі ахуалды талқылайды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті