Reuters агенттігінің хабарлауынша, АСЕАН (Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы), Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның қаржы министрлері мен банк төрағалары 18 қыркүйек бірлескен мәлімдеме жасап, аймақ экономикасын ұстап тұру үшін «барлық қолда бар мүмкіндікті» қолданамыз деп мәләмдеді. Басты мақсат COVID-19 пандемиясынан кейінгі қалпына келтіру серпіні болмақ.
Олар конференциядан кейін АСЕАН, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея аймақ экономикасына коронавирус зардабын қалпына келтіру үшін бар күш-жігерін салуға уағдаласты. Сонымен қатар, көпжақты сауда және инвестициялық жүйені қорғауға келісті.
Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен аймақ экономикасы 60 жылда алғаш рет құлдырау көрсеткішінің ең төменгі деңгейіне түсіп отыр, әлемдік сауда мен транспорт жүйесін бұзылып, Азиядағы тіпті бүкіл әлемдегі нарықтық тұрақсыздық орнады.
Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның қаржы министрлері мәлімдемеде Чиангмай бастамасын көпжақты қарастыру туралы келісімді нығайтуға көмектесетінін айтты. Келісім АСЕАН мен Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея қаржы министрлері мен орталық банк басқарушылары арасында құрылған аймақтық қаржылық келісім, бұл көпжақты валюта келісімін күшейтуге бағытталған және аймақтың қаржылық қауіпсіздік үшін маңызды.
Еске сала кетейік, «Чиангмай» бастамасы Тайланттың ең ірі аймағы болып табылатын Чиангмай провинциясында бастау алған экономикалық жоба.
АСЕАН мен Қытай-Жапония-Корея қаржы министрлерінің кездесуінде Жапония мен Малайзия екі тарапқа 30 триллион АҚШ долларына дейінгі валюталық операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келісіміне қол қойды.
Бұл келіссөздердің басты мақсаты шығыс және оңтүстік шығыс Азия елдерінің корорнавирус паедемиясынан кейінгі болашағы, экономика, сауда, транспорт т.б. салалардағы дағдарысты жеңіп шығу және жарқын болашағы үшін әр саладағы келісімдерді жүзеге асыруға басты мақсат болып отыр.