Денсаулық сақтау министрлігі бір ай бойы редакция сұратқан коронавирустық пневмонияның аймақтарға таралуы туралы деректі берді. Ведомство мәліметіне қарағанда, елдегі коронавирустық пневмонияның бүгінгі өсімі 8%-ға жеткен.
Қазақстан Үкіметі коронавирустық пневмонияны әлі күнге дейін жүйелі түрде жариялауды жолға қоя алмай келеді. КВИ - немесе U07.2 кодымен таңбаланатын дерттің қарқыны неге бәсеңдемей тұрғаны белгісіз. Ресми статистика бойынша, 28 мыңға тарта науқастың небәрі 6 мыңдайы ғана айыққан.
ДенМиннің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің QT редакциясына ұсынған жауабында 1 тамыз-7 қыркүйек аралығында тіркелген кейстер қамтылған. Коронавирустық пневмония ең көп анықталған аймақтар қатарында ШҚО, астана, Қостанай облысы және Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал аурудың тарау өсімі Түркістан облысы, астана, Алматы қаласы, Ақтөбе, СҚО, БҚО өңірлерінде 10%-дың үстінде. Бұл қауіптің беті әлі қайтпағанын көрсетеді.
| № | Аймақтар | Барлығы | 1-7 қыркүйек |
Өсім қарқыны |
|
1 |
ШҚО | 3 690 | 316 | 9,4% |
|
2 |
Астана | 3 212 | 347 | 12,1% |
| 3 | Қостанай облысы | 2748 | 142 |
5,4% |
|
4 |
Алматы қ. | 2612 | 271 | 11,6% |
|
5 |
Қарағанды облысы | 1 965 | 115 |
6,2% |
|
6 |
Павлодар облысы | 1715 | 118 | 7,4% |
|
7 |
Жамбыл облысы | 1 669 | 53 |
3,3% |
| 8 | Алматы облысы | 1 393 | 87 |
6,7% |
|
9 |
Атырау облысы | 1 346 | 29 |
2,2% |
|
10 |
Түркістан облысы | 1 223 | 142 | 13,1% |
| 11 | Ақтөбе облысы | 1 037 | 106 |
11,4% |
|
12 |
СҚО | 1 000 | 100 | 11,1% |
| 13 | Қызылорда облысы | 897 | 3 |
0,3% |
|
14 |
БҚО | 892 | 87 | 10,8% |
| 15 | Ақмола облысы | 866 | 73 |
9,2% |
| 16 | Маңғыстау облысы | 857 | 16 |
1,9% |
| 17 | Шымкент | 639 | 43 |
7,2% |
| Республика бойынша | 27 762 | 2 048 |
8,0% |
Қазақстан 13 наурыздан бері коронавирус жұқтырғандардың өңірлер мен қалалардағы санын үзбей жариялап келеді. Бірақ «маусым-шілде қырғынында» талай отбасына қайғы әкелген коронавирустық пневмонияның аймақтық атласы министрдің уәдесіне қарамастан жолға қойылмай келеді. 3 тамыз күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, 10 тамыз ДенМиннің ресми өкілі Бағдат Қожахметов, 26 тамыз оның көмекшісі Ербол Мәндібек міне-міне деумен неше мәрте сөз берген. Сөз жартылай іске асты. Себебі Үкімет мүшесі, бір айдан бері ел алдына шықпаған министр Цой бұл деректің ресми ашық дереккөзде тұрақты жариялуға уәде еткен.
Бұл мәлімет coronovirus2020.kz сайты мен ДенМин ресурстарының ешбірінде жоқ. Ең қажетті екі сайт ең баяу жаңаратын күйге түсті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді