Халықаралық ұйым таратқан хабарға қарағанда, мұндай жағдай сирек кездеспейді.
ДДСҰ Гонконг сияқты бірқатар елдерде вируспен қайта ауырған науқастардың жағдайы бойынша мәлімдеме жасады.
«Осыған дейін біз тесттердің бастапқыда көрсетпей, кейіннен вирус штамын анықтағаны туралы хабарлаған едік. Бүгінгі таңға шейін коронавирусты қайта жұқтыру тестке байланысы бар-жоғы белгісіз болып келді. Дегенмен ерекше екпін түсіріп айтатын тұсы – қайта жұқтыру жағдайы өте сирек кездесетін жайт. Гонконгтағы кейсті жіті бақылауға алдық. Қайта жұқтыру туралы құжаттандыру-зерделеу жұмысы басталып кетті», – деп мәлімдеді ДДСҰ өкілі Маргарет Харрис.
25 тамыз күні Гонконгта 33 жастағы науқастың коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру фактісі тіркелген. The University of Hong Kong зерттеушілері төрт ай бұрын Испанияда ауырып-айыққан ер адам Гонкнонгқа оралған соң түрленген басқа штаммен қайта ауырғанын хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, антидене уақыт өте келе бірнеше айдан кейін әлсірейтін көрінеді. Оның үстіне вирус штамы әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін екен.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің бас инфекционисі Владимир Чуланов қайта ауырған науқастардың барын растады. Ал Қазақстан Үкіметі бұл туралы (бірнеше рет қойылған) сұраққа мүлдем тіркелмегенін хабарлаған.