Германияда коронавирус індеті қайта өрши түскені мәлім болды. Карантин шаралары алынып, жаңа оқу маусымы басталғаннан кейін мектептер індет ошағына айналуы мүмкін деген болжамдар бар. Екі апта бұрын Германияда оқушылары мектептеріне оралған болатын. Алайда, ел үкіметі Берлиндегі 825 мектептің 41-інде COVID-19 індеті тіркелгенін хабарлады.
Инфекцияны әр түрлі жастағы мектеп оқушылары жұқтырған. Бастауыш, жоғары сынып оқушыларынан да ауру белгілері байқалған. Сондықтан жүздеген оқушы мен мұғалім карантинге жатқызылған.
АҚШ Білім министрлігі бұндай жағдай Құрама Штаттардағы мектептерде де тіркелгенін мәлімдеді. Ал, Франция мектептері бір аптадан кейін сабақ бастайтынлдықтан, 11 жастан асқан балаларға бет перде тағу міндеттелді. Сондай-ақ алдағы апталарда Ұлыбритания мен Шотландияда оқушылар мектептеріне оралады.
Бұған қоса, Израильде коронавирус мектеп жасындағы балалар арасында таралу байқалған. Көптеген елдерде жаңа оқу маусымы басталуға жақын. Алайда, пандемия кезінде оқушылардың мектепке жиналуы елдердің денсаулық сақтау саласын алаңдатып отыр.
Елімізде де 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау үні естілу керек еді, алайда карантин шараларына байланысты негізгі оқу онлайын форматта жүргізіледі.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі