Дональд Трамп қытайлық Alibaba компаниясының АҚШ аумағындағы жұмысына тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы ол баспасөз маслихатында хабарлады.
Журналистердің бірі «TikTok» әлеуметтік желісін иеленуші «Байт Данс» бірлестігіне қарсы шарадан кейін Қытайдың өзге компанияларына осындай шаралар қолданылуы мүмкін бе деп сұраған еді. Ақ үй басшысы мұны жоққа шығармайтынын және қазір билік түрлі шешімдер қарастырып жатқанын жеткізді.
Alibaba бірлестігі – әлемдегі ең ірі электрондық коммерция мен цифрлық төлем компаниясының бірі. Осы айдың басында Трамп әкімшілігі Қытайдың ірі технологиялық бірлестіктеріне қарсы бірқатар шектеу шарасын ұсынған болатын.
Бірнеше ай бұрын АҚШ Федералды Барлау агенттігі (FBA) жас өспірмдердің өмірін қорғау мақсатында танымал «TikTok» қосымшасына қатысты тергеу жұмыстарын бастаған. АҚШ үкіметі «TikTok» компаниясын жас өспірмдер қауіпсіздігі туралы 2019 жылғы келісімді орындамады деп айыптап отыр.
7 шілдеде президент Трамп Gray TV арнасына берген сұхбатында «TikTok» желісіне шектеу қою мәселесі қарастырылып жақанын айтқан. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы М. Помпео де растаған еді. «Бұл мәселе бойынша жұмыс алып барып жатқанымызға ұзақ уақыт болды» деген Помпео.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді