Ресей президенті Владимир Путин ресейлік ғалымдар коронавирусқа арналған әлемдегі алғашқы қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны шығарды деп мәлімдеді, АҚШ денсаулық сақтау саласындағы екі лауазымды тұлға бұған күмәнмен қарады.
Жұқпалы аурулар жөніндегі маман доктор Энтони Фукс: «Мен олардың бұл әрекетінен күмәнданамын» деді. Бірақ ол Мәскеудің вакцинаның қауіпсіз және тиімді екенін нақты дәлелдесе деп үміттенеді.
Фукс америкалық бірнеше зертханаларда вакциналар әзірленіп жатқанын, егер олар қаласа кез-келген уақытта вакциналауды бастай алатынын айтты. National Geographic арнасының эфиріне берген түсіндірмесінде Фукс былай деді: «Егер біз көптеген адамдарға зиян тигізуі мүмкін тиімсіз нәрсе бергіміз келсе, біз мұны жасап бастаймыз, келесі аптада ақ қолданысқа береміз. Алайда біз бұған бармаймыз».
АҚШ-та 2021 жылға дейін миллиондаған доза коронавирустық вакциналар болады деп үміттенгенін айтты, бірақ кейбір вакциналардың ұзақ мерзімді тиімділігіне кепілдік берілмейтінін ескеру керек деді Энтони Фукс
Сонымен бірге, АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрі Алекс Азар Тайваньға сапары кезінде коронавирустық вакцинаны жасау «бірінші орын үшін жарыс емес» деп мәлімдеді.
Ол Трамп әкімшілігі америкалықтар мен әлем халқының денсаулығы үшін қауіпсіз вакциналарды мүмкіндігінше тезірек жасау үшін АҚШ-тың фармацевтика индустриясымен ынтмақтасатынын айтты.
Кез-келген вакцинаны дәрігерлер мен басқа да медицина мамандарына таратпас бұрын АҚШ тамақ және дәрі-дәрмек басқармасының мақұлдауынан өтуі керек.
Сонмен қатар бұл вакцинаны қолдаушыларда шықты Америкалық Pan денсаулық сақтау ұйымы (PAHO) бұл вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдауы керек деп мәлімдеді.
Pan Американдық денсаулық сақтау ұйымы директорының көмекшісі Джарбас Барбосса «Ресей тарабы мәліметтерді шығарғаннан кейін біз барлық деректерді тексере аламыз. Бағалаудан кейін ғана вакцинаның барлық қажетті жағдайларға сәйкес келетіндігін анықтай аламыз» деді.
Ресей президенті Владимир Путин вакцина сынақтан өткенін және коронавирусқа тұрақты иммунитетті көрсеткенін сейсенбіде мәлімдеген болатын. Алайда Ресей медицинасы Путиннің мәлімдемесін растайтын ешқандай дәлел келтірмеді.