Google компаниясы АҚШ халқының 45%-ын құрайтын 20 штат пен аумақта коронавирусты бақылайтын қосымшаларды зерттегенін айтты. Бағдарламаны Google компаниясы Apple құрылғыларында пайдаланбақ.
Сонымен қатар Google компаниясы қазіргі уақытта АҚШ-тан тыс 16 елдің денсаулық сақтау органдарымен «Apple-Google» қосымшасын қолдану туралы келіссөздер жүргізді. Тізімдегі елдер қатарында Австрия, Бразилия, Канада, Хорватия, Дания, Германия, Гибралтар, Италия, Ирландия, Жапония, Латвия, Солтүстік Ирландия, Польша, Сауд Арабиясы, Швейцария және Уругвай бар. Алғашқыда қосымшаны 12 елде жасаған болатын.
Бұл қосымшаны қолданушыларға Bluetooth сигналдары арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасты бақылауға және вирус жұқтырғандар болса, олар туралы жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік береді.
Мамырда Google компаниясы Алабама, Солтүстік Дакота және Оңтүстік Каролина штаттарында жоғарыдағы қосымшаны іске қосатынын мәлімдеген. Бірақ Оңтүстік Каролина штатының ассамблеясы өткен айда қосымшаның қызметін тоқтатты, ал Алабама шенділері әлі күнге дейін қосымша туралы мәселені қарастыруда. Солтүстік Дакотада қосымша қызметін басталған жоқ.
Google 31 шілдеде АҚШ-та алғашқы қосымшалар алдағы апталарда шығады деп мәлімдеді, бірақ оны қай штаттар пайдаланып жатқанын айтудан бас тартты.
Google-дың қосымшасы Apple компаниясымен бірлесіп, әр түрлі елдерде іске қосылған қосымшаларда бір-бірімен сөйлесуіне мүмкіндік береді және шекарадан өтсе де байланыса алады.
31 шілде Солтүстік Ирландия қосымшасы жарияланды, бұл ресми алғашқы бағдарлама. Қосымшаны жасаған компания «Рейтерс» агенттігіне АҚШ-тың Пенсильвания штаты үшін де қосымша шығаратынын айтқан.