Ресейдің Хабаровск, Владивосток пен Южно-Сахалинскі аймағында губернатор Сергей Фургалды қолдауға арналған кезекті митинг өтіп жатыр. Бүл туралы Deutsch Welle хабарлады.
Хабаровскідегі наразылық шерулері 15-ші күн қатарынан жалғасуда. Қала әкімдігінің хабарлауынша, митингке 3,5 мың адам қатысқан. Бірақ DVhab сайты шеруге бір қаланың өзіндк 20 мыңға жуық адам жиналған дейді.
11 шілдеде наразылық білдірушілер алдымен жергілікті үкімет ғимаратының жанына жиналды, содан кейін Карл Маркс көшесі бойынан өтіп, губернатордың ұсталуына қарсы ұрандады. Оған қатысты соттың әділ өтуін талап етті. Өткен сенбіде елу мыңдай адам Хабаровск көшелеріне шығып, Фургалды босатуды талап етті. 600 мыңдай тұрғыны бар қалада бұған дейін осыншама халық шеруге шықпаған. Тіпті Ресейдің ірі қалаларында да соңғы 20 жылда осындай ауқымды шара өтпеген. Осы статистиканы назарға ала отырып, сарапшылар бұл шерулер толқынын «революцияға қадам» деп бағалаған.
Хабаровск губернаторы Сергей Фургал 9 шілдеде ұсталды. Ертесіне Мәскеу сотының шешімімен қамауға алынды. Тергеу мәліметі бойынша, губернаторға 2004-2005 жылдары үш кәсіпкер – Александр Смольский, Евгений Зори мен Олег Булатовтың қастандықпен өлтірілуін ұйымдастырды деген айып тағылған. Олардың барлығы металл саудасымен айналысқан. Ал осы саладағы кәсіпорындардың бір үлесі Фургал мен оның әйеліне тиесілі.

















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?