Ресейдің қауіпсіздік саласының жауаптылары Санкт-Петербург қаласында бір бомбаның залалсыздандырылғанын хабарлады. Бұл туралы "Фарс" баспасөзінде жазылды.
Ресей жақ бейсенбі күні қауіпсіздік күштері Санкт-Петербург қаласындағы бір үйде жарылғыш затты залалсыздандырғанын мәлімдегенімен, бұл жөнінде егжей- тегжейлі мәлімет ұсынған жоқ.
Елдің қауіпсіздік саласының басшылары сондай-ақ бейсенбі күні осы елдің оңтүстігінде орналасқан Ростов қаласында болған жарылыстан бір адамның жараланғанын мәлімдеді. Жарылыстың себебі мен шығындары туралы нақты мәлімет жоқ.
Дүйсенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метрода болған лаңкестік жарылыстан 14 адам қаза болып, шамамен 60 кісі жараланған еді.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?