Украина НАТО-ға мүше елдермен бірге командалық-штабтық жаттығу бастайды. Киевтің бұл әрекеті Ресейдегі «Кавказ-2020» әскери жаттығуына қарымта жауап. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрі Андрей Таран мәлімдеді.
Жаттығу кезінде Украина Бас штабтың НАТО стандарттарына сәйкес әрекет ету қабілетін, сондай-ақ НАТО Қарулы Күштерінің командалық пункттерімен өзара іс-қимыл ұйымдастыра білу қабілетін сынақтан өткізбек. Альянсқа мүше елдер де осы жаттығуға қатысады. «Кавказ-2020» жаттығуларына дайындық сылтауымен ресейлік сарбазбардың бірігуін ескере отырып, Украинаның Қорғаныс министрлігі мен Украинаның Қарулы Күштері қыркүйектің соңғы онкүндігінде – «Біріккен күш-2020» стратегиялық командалық-штабтық жаттығуды өткізуді жоспарлап отыр. Жаттығу аясында Украинаның оңтүстігінде жауынгерлік әзірліктер де тексеріліп, зениттік-зымырандық жүйелер, әскери авиация, құрлықтағы күштер бөлімшелері және басқа құрылымдар тартылады», – деді министр.
Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрі, Армия генералы Сергей Шойгу «Кавказ-2020» жаттығуларына алты елдің, соның ішінде ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің топтарын тарту жоспарланғанын айтқан болатын. Стратегиялық жаттығулар қыркүйекке жоспарланған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел