Америка Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамынан шығады. Ақпаратты БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик растады.
БҰҰ ресми сайты ұсынған мәліметтерге сүйенсек, бшешім 2021 жылы 6 шілдеде күшіне енуі тиіс. АҚШ алдын ала бұл туралы ДДҰ жарғысының депозитарийі саналатын БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті хабардар еткен.
Алдағы уақытта БҰҰ Бас хатшысы ДДҰ Жарғысының депозитарийі ретінде ол мемлекеттің Ұйымнан шығуы үшін барлық шарттардың сақталған-сақталмағанын тексереді.
Америка 1948 жылдың 21 маусымынан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамында. Әлем елдері аталған ұйымға белгілі бір шартпен қабылданады. Ұйым құрамынан шығуға ниетті мемлекет бұл қадамы туралы бір жыл бұрын хабардар етуге тиіс. Сондай-ақ ұйым алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін толық өтеуге міндетті.
Коронавирус пандемиясы басталған кезде АҚШ-тың аталған халықаралық ұйымды қатты сынға алып, Covid-19 ісіне байланысты Бейжіңге жақтасты деп айыптағанын. Сондай-ақ президент Трамп аталған ұйымды қаржылай қолдауды тоқтатты. Бірақ, ДДҰ Америка билігінің айыптарын теріске шығарды.