Бір күн бұрын Қытай Гонконгтағы еркіндікті шектейтін заңды ресми атқаруға берген болатын. Бұл үшін АҚШ Өкілдер палатасы Қытайға ескерту санкциясы туралы заңды бірауыздан қабылдады. Палата спикері Н. Пелоси мәлімдемесінде Гонконгтағы Ұлттық қауіпсіздік туралы заң Қытайдың «Бір ел, екі жүйе» туралы уәдесін бұзу деп айыптаған.
«Бүгін біз «Гонконг туралы» Заңды мақтанышпен қабылдадық, бұл Қытай үкіметінің Гонконг халқына өз қарамағына алу үшін жеделдетілген репрессияны тоқтатудың тағы бір маңызды қадамы», - деді Палата спикері.
Қабылданған заң жобасына сәйкес АҚШ Гонконгтың бүлінуін қолдайтын Қытайдың жеке немесе заңды тұлғаларына санкциялар салады және Мемлекеттік департаменттен жыл сайын санкциялардың орындалуын қадағалап Конгреске есеп беруді талап етеді. Бұл заңды сенат қайта қарап, санкция салынатын жеке және заңды тұлғаларға, банктер мен басқа да экономикалық ұйымдарды қосып заң жобасын қайта қабылдады.
Гонконгтағы Ұлттық қауіпсіздік туралы заң сейсенбіде күшіне енді.Қытай үкіметі Гонконгтың заңнамалық жүйесін айналып өтуге тырысты және Бейжің ұлттық егемендікті бұзып, ұлттық қауіпсіздікті қауіп төндіру деп санайтын Гонконгтағы әрекеттерді тікелей жазалады.
Сонымен қатар, Ақ үй Гонконгқа әскери құрал-жабдықтар мен соған байланысты технологиялардың экспортын тоқтату және Қытайлық кейбір лауазымды адамдарының визаларын шектеу сияқты бірқатар әрекеттерге барды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі