Қазақстанда коронавирустың таралуыны байланысты қалыптасқан жағдай оңалған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің 28 маусымда жариялаған ресми мәліметіне сәйкес елде індеттің клиникалық белгілері байқалмаған тағы 1066 науқас есепке алынды.
Симптомсыз науқастардың дені Атырау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан областарының аумағында тіркелген. Бұған дейін минситрлік індет белгісі байқалмаған жағдайларды ресми статистикаға қоспаймыз деп мәлімдеген еді. Соған байланысты, қазір министрлік тарататын ресми ақпаратта симптомсыз науқастар бөлек қарастырылып жүр.
Қазір елде инфекция жұқтырғандар саны 37 966 адамды құрады. Оның 16 639-ы ауру белгісі жоқ вирус тасымалдаушылар. Қайтыс болғандар 178, емделіп шыққандар 12195 адамға жетті. Ел бойынша инфекция жұқтырғандардың өсімі 2,6% құрап отыр.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?