АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы полиция реформасы туралы заң жобасын мақұлдады.
Қазір Сенатқа жіберілген құжатқа 236 заң шығарушы қолдап, 181-і қарсы дауыс берген. Жиналыстың трансляциясы төменгі палатаның сайтында жүргізілді.
Құжатта полицияның қатыгездігін жойып, тәртіп сақшыларын жауапқа тартуды күшейту ұсынылған. Мысалы, полицейлердің тұншықтыру әдістеріне тыйым салынып, қызметкерлердің барлығы киіміне камера тағатын болады. Сонымен қатар полицейлердің заңсыз әрекеттерін жинақтайтын арнайы дерекқор құру қарастырылған. Демократтар жоба әрбір азаматтың қауіпсіздігін күшейтіп, сот әділдігін нығайтады деп отыр.
25 мамырда Миннеаполис қаласында 46 жастағы Джордж Флойд полицей өкілдерінің көз алдында жан тапсырған. Дүкен кассирі марқұм жалған банкнотпен есеп айырыспақ болды деген уәжбен полиция шақырады. Артынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктінің қолына кісен салғаннан кейін офицерлердің бірі оның желкесін аяғымен 7 минуттай басып тұрған. Дауысы қарлыққан афроамерикалық өзінің дем ала алмай жатқанын айтады, бірақ оған полицейлер құлақ аспаған. Осыдан кейін «Мен тұншығып қалдым!» тіркесі шерудің басты ұранына айналған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті