АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге де мұсылмандарды қудалауға атсалысқан Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктеріне санкция енгізу туралы шешімге келді.
Құжатта: «Шыңжаңдағы жекелеген мұсылман топтардың құқықтарын өрескел бұзуды айыптайды және нақты тұлғаларға санкция салу өкілетін береді» – делінген. Ақ үй басшысы Қытайда билігі азшылық ұлттарға қысым көрсетіп, адам құқығын таптап отыр деп мәлімдеді.
«Ұйғырларға қатысты адам құқығы саласындағы саясат туралы» заңға сәйкес президент 120 күн ішінде ұйғырларды қудалауға атсалысқан қытай шенеуніктерінің тізімін жасайды. Сонымен қатар АҚШ-тың арнайы қызметі мен мемлекеттік департаменті конгреске Қытайдағы ұйғырлардың жағдайы туралы тұрақты түрде хабар беріп отыруға міндетті.
Америка билігімен қатар, халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Қытайдағы этникалық топтардың жағдайына баса назар аударуда. Кей деректер бойынша Шыңжаңдағы «саяси лагерьлерде» мыңдаған қазақ қамауда отыр. Осыған дейін АҚШ құқық қорғаушылары Бейжіңді Шыңжаңдағы түркітілдес мұсылмандарға қарсы жүйелі науқан ұйымдастырып келеді деп айыптаған болатын. Сонымен қатар олар «адам құқығын таптап, кей ұлттарға жазықсыздан-жазықсыз қорлық көрсетіп отырған» ҚХР-ды «құқық сақталмаған аймақ» деп атады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы