ЕуразЭК-тің Кедендік кодексін тиімді жүзеге асыру мақсатында ЖЕЭК отырысында қарастыру үшін Кедендік әкімшілендіру саласында бірқатар актілерді бекіту бойынша Комиссия Алқасы мен Кеңесі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты ЕАЭК жұмысының Регламентіне түзетулер енгізуді Кеңес мүшелері мақұлдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Ресми сайтында жарияланды.
Мемлекет басшыларының қарауына енгізу үшін Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары мақұлданды. Онда ЕуразЭК-ке мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар енгізілген.
ЕАЭК Кеңесінің мүшелері халықаралық ынтымақтастық мәселелері төңірегіндегі бірқатар сұрақтарды талқылады. Негізінен, Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға бағытталған консультациялар өткізіліп, «Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімдерді қарастырды.
“The Qazaq Times”