Сенат депуаттарының сайлауы 12 тамызда өтетін болды.

Бүгін ел президенті Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулыға қол қойды.

Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2017 жылы өткен болатын. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған депутаттар қайта сайланады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, сенатқа әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан екі адамнан сайланады. Депутаттардың 34-ін мәслихат депутаттары сайлайды, қалған 15-ін президент тағайындайды.

Қаулы мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"The Qazaq Times"