Иранда Украина ұшағының құлауына қатысы бар деп айыпталған 6 адам ұсталды.
8 қаңтарда орын алған қайғылы жағдайға «адами фактор» себеп болғандығы айтылады. Шетелдік БАҚ бұл жағдайды «катастрофалық қателік» деп бағалады. Осыған дейін апат себебі жөнінде төрт болжам болған: зымыранмен атып түсіру, борт ішіндегі теракт, ұшақ моторының жануы немесе ұшқышсыз ұшақпен соқтығысу.
Сот билігінің өкілі Голамхосейн Эсмаили осы уақытқа дейін Украина ұшағының құлауына қатысты ұсталған 6 айыпталушының үшеуі кепіл сома төлеп қамаудан шыққанын, тағы үшеуі қамалғанын айтты.
Теһрандағы Имам Хомени халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған Boeing 737 бортындағы 176 жолаушының бәрі көз жұмған. Ресми мәліметтер бойынша, бортта 82 ирандық, 63 канадалық, 10 швед, 4 ауған, 3 британдық және Германияның 3 азаматы болған. Ұшақ «Украина халықаралық әуе жолдары» әуекомпаниясына тиесілі.
АҚШ Теһрандағы халықаралық әуежай маңында орын алған украиналық ұшақ апатына Иранның қатысы бар деп есептейді. Тек қана Америка емес, Канада және Украина лайнерге Иран зымыраны абайсызда тиген болуы мүмкін деген болжам жасады. Дәл сол күні бірнеше сағат бұрын Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын зымыранмен атқылаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді