Карантин талаптары жеңілдетілген Әзірбайжанда вирус жұқтырғандар саны артты. Сол себепті ел билігі карантин шараларын қайта күшейтті.
Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың шешімі бойынша науқастар саны күрт артқан Баку, Сумгаит, Гянжа, Лянкоран қалалары мен Апшерон ауданының тұрғындарына сенбі және жексенбі күндері үйден шығуға тыйым салынады. Бұл күндері барлық мекемелер жұмыс істемейді, қоғамдық көлік пен автомобильдер жүрмейді. Тек дәрігерлер мен маңызды салалардың мамандарына жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Әзірбайжан премьер-министрі Али Асадов: «Науқастар саны күрт өсті. Осы ретте біз 6 және 8 маусым аралығында Баку, Сумгаит, Гянжа, Лянкаран қалалары мен Апшерон ауданында қатаң карантин тәртібін енгізетін болдық. Бұл шаралардың барлығы азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Сондықтан ауру өршісе қатал шаралар елдің өзге қалалары мен аудандарында да қабылдануы мүмкін», – дейді
Мамырда Әзербайжанда карантин тәртібі жеңілдетілгеннен кейін коронавирусты жұқтыру саны тым өсіп кетті. 3 мамырда 325 науқас тіркеліп, антирекорд жаңарған. Қазір елде 6 522 кейс тіркелген. Жазылып шыққандар саны – 3 737, қайтыс болғандар саны – 78.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті