Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына айыптау мәнінде сыни мәлімдеме жасаған қарағандылық Арман Хасенов сотталды.
Оған сот үш жыл бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.
«Хасенов Арман Қайратұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық» бабымен (373-бап 2-бөлігі) қылмыс жасады деп айыпталды және үш жылға пробациялық бақылау тәртібімен бас бостандығы шектелді. Қылмыстық кодекстің 44-бабы 1-бөлігі бойынша оны жыл сайын 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылады», – делінген Қарағанды облысына қарасты Қазыбек би аудандық сотының шешімінде.
Сондай-ақ одан зардап шеккендерге өтемақы қорының пайдасына 15 айлық есептік көрсеткіш (41 670 теңге) және сот шығындары 4244 мың теңге көлемінде өндіріліп алынбақ. Сот үкімінде Хасенов кінәсін мойындап, «шын жүректен өкінгенін хабарлады» делінген.
Хасенов YouTube сайтында 12 сәуірде елді 30 жылдай басқарған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты және оның құрған саяси жүйесін өткір сынға алған бейнежазба жариялаған. Арада күн өтпестен оны ҰҚК қызметкерлері ұстап еді.
Мамыр айының басында ЕҚЫҰ-ның Сөз бостандығы жөніндегі арнайы уәкілі Арлем Десир Қазақстандағы жағдайға алаңдап, заңды тұлғаларға тиіспеуді құқықтық институт деңгейінде заңдастыруын сынаған.
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы жариялаған «Әлемдік баспасөз бостандығы индексі» рейтингінде Қазақстан биыл 180 елдің ішінде Өзбекстаннан бір сатыға төмен 157-орынға тұрақтады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі