Пентагон АҚШ-тағы қақтығыстарды басу үшін Уашингтонға 1,6 мың әскер жіберді. Бұл туралы Politico Америка қорғаныс ведомствосының ресми өкілі Джонатан Хоффманға сілтеме жасап хабарлады.

«Тұрақты әскерлер сарбаздары Уашингтон агломерациясында әскери базаларда орналасқан, бірақ Уашингтонда емес», – дейді Хоффман. Пентагон өкілі әскерлер «жоғары дайындық жағдайында» екенін, бірақ билікке көмектеспейтінін атап өтті.

Өткен аптадан бері АҚШ-тың ондаған қаласында нәсілшілдікке қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр. Наразылық Миннесота штаты Миннеаполис қаласының тұрғыны Джордж Флойд 25 мамырда полиция қолынан қаза тапқаннан кейін басталды. Дүкен кассирі марқұм жалған банкнотпен есеп айырыспақ болды деген уәжбен полиция шақырады. Артынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктінің қолына кісен салғаннан кейін офицерлердің бірі оның желкесін аяғымен 7 минуттай басып тұрған. Дауысы қарлыққан афроамерикалық өзінің дем ала алмай жатқанын айтады, бірақ оған полицейлер құлақ аспаған. Осыдан кейін «Мен тұншығып қалдым!» тіркесі шерудің басты ұранына айналды.

Елдегі тәртіпсіздікті басу мақсатында Трамп аймақтарға Ұлттық гвардияны жіберді. Сонымен қатар 40 қалада, оның ішінде Уашингтон мен Нью-Йоркте коменданттық сағат енгізілді. А

"The Qazaq Times"