Өткен күні, 27 мамыр күні Қазақстанда 272 адамнан коронавирус анықталды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан елде алдыңғы орындарда тұрған астанада – 56, Қарағанды облысында – 49, Алматы қаласында – 25 адамнан табылған.
Дертке шалдыққан адамдардың саны 9,5 мыңнан асты, нақтырағы 9576 кейс. Алайда ведомство дерегіне қарағанда, ауырған науқастардың жартысына сәл жетпейтіні, 4768-і сауығып, үйіне шығарылған көрінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәуліктік өсім 2,9% мөлшерінде байқалған.
Қазіргі таңда Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде кейстер саны жүзден асып кеткен. Тіпті алды Алматы қаласында 2,3 мың, астанада 1,8 мыңнан асса, ал Атырау өңірінде мыңға жуықтаған.
Сәуірде денсаулық сақтау министрлігі шарықтау шегіне жеттік дегенімен, бір ай өтпей мыңдаған кейске өскен реестрге байланысты кеше президент Тоқаев «шарықтау шегінен өттік» деп мәлімдеді. Десе де медицина саласының сарапшылары кәсіпкерлер мен тұрғындардың карантин талабына немқұрайлы қарауынан алдағы уақытта мәселе ушығып, дерт ошағы өршіп кетуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.
Төменде көрсетілген сандық көрсеткіштер коронавирустың геолокациясы. Жақшаның ішіндегі жиынтық сандар өткен күні белгілі болған кейстер.
- Алматы қаласы – 2378 (+25)
- Астана қаласы – 1820 (+56)
- Атырау облысы – 959 (+15)
- Қарағанды облысы – 754 (+49)
- Шымкент қаласы – 730 (+17)
- Батыс Қазақстан облысы – 493 (+21)
- Жамбыл облысы – 362 (+4)
- Түркістан облысы – 354 (+17)
- Қызылорда облысы – 324 (+20)
- Алматы облысы – 319 (+14)
- Ақтөбе облысы – 304 (+22)
- Павлодар облысы – 192 (+1)
- Маңғыстау облысы – 177 (+1)
- Ақмола облысы – 149 (+2)
- Қостанай облысы – 136 (+5)
- Шығыс Қазақстан облысы – 74 (+1)
- Солтүстік Қазақстан облысы – 51 (+2)
Бүгінгі таңда коронавирустың кесірінен қайтыс болғандар қатары 37-ге жеткен. Алайда індеттің бар-жоғына байланысты елдің іші екіге жарылған. Вирустың барына сенбейтін азаматтар да аз емес. Мұны көбі денсаулық сақтау министрінің БАҚ өкілдеріне карантин аймағына жолатпау жөніндегі «қате шешімі» мен ақпараттандырудың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ өңірлер мен мегаполистердегі жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының жұмысындағы шикілігінен деп санайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді