Коронавирус пандемиясының ошағына айналған Ресейде антирекорд орнады. Соңғы тәулікте елде аталған дерттен 174 науқас көз жұмған.

Бұл пандемия басталғалы елде қаза тапқандар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Жалпы Ресейде 807 адам инфекцияның құрбанына айналған. Сондай-ақ кеше тағы 8 915 тұрғыннан індет анықталды.

Ресей әлем бойынша індетті жұқтырғандар тізімінде АҚШ-пен Бразиялиядан кейінгі үшінші орында тұр. Тағы бір ақпар. Жедал штабтың мәліметіне сай, кеселден айығып шыққандар саны да рекордтық көрсеткішке жеткен. Соңғы тәулікте 12 331 адам ауруханадан шықты. Оның қатарында Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бар.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 5,5 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 347 мыңнан асты. 2,3 миллионнан астам адам жазылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді.

"The Qazaq Times"