Сауд Арабиясының генералы Эшли Ұлыбританиядағы іс-сапары кезінде ереуілшілердің қатты қарсылығына ұшыраған болатын. Наразылық танытушылар Сауд Арабиясының генералына қаратып жұмыртқа лақтырған. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Жонсон осы іс үшін Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманнан арнайы кешірім сұрады.
Сауд Арабиясының баспасөз агенттігінің хабарына қарағанда, 2 сәуір күні, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Жонсон Сауд Арабиясының тақ мұрагеріне арнайы қоңырау ереуілшілердің жасаған әрекеттері үшін кешірім сұраған.
Сауд Арабиясы бастаған бірлескен әскери қосын 2015 жылы наурыздан бастап, Йемендегі Хосеге қарата әскери әрекеттер алып барған болатын. Ұлыбританияда ереуілшілер жұмыртқа лақтырған Саудтың Генералы Эшли болса сол құрама қосынның арнаулы өкілі болған еді. Наурыздың соңында Лондонға сапарлай барып, өзіне қарсы наразылық жасаушыларға түсінік жасауды ойлаған. Алайда бұл ойы іске аспай, ереуілшілер оны жұмыртқаның астынан алған.
БҰҰ-ның өткен айда көрсеткен мәліметі бойынша, Йемендегі жанжалдың ушығуынан елдегі халық санының үштен екісін кедейшілік пен аштық тұралатқан. Шамамен 19 млн адам шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж болған. Йемендегі қарулы қақтығыстан 2016 бір жылдың өзінде 1500 жазықсыз сәби қаза болған. Бұл 2015 жылдағыдан 70 пайызға көп. Ал қазірдің өзінде жарты миллионнан астам йемендік балалар аштыққа душар болып отыр. Бұл 2014 жылдағыдан үш есеге көп. Британдық ереуілшілер осы жағдайлар үшін араб генералына жұмыртқа лақтырып, наразылығын білдірген болатын.
“The Qazaq Times”