Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Сенек елді мекенінде 23 адам коронавирус жұқтырды, ауыл әкімі қызметінен босатылды.
Індет алдымен көп адамды жиып, ас берген үйден шыққан. Кейіннен сол жиында болған біраз адамға жұққаны белгілі болды.
Аядай ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі жұмыстан шеттетілді. Ал аудан әкіміне сөгіс жарияланды.
Қазір ауылға кіреберіс тұсқа блок-посттар қойылып, күзет күшейтілді. Вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан коронавирус анықталды. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар. Қазір бұл қос ауданда карантин режимі күшейтілген. Отбасылық жиын жасауға қатаң тыйым салынған.
Жалпы, 3 наурыздан бастап аймақта 11 186 адам коронавирусқа тексеріліп, індет 129 адамнан анықталды.
Бұған дейін Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды.
"Облыс көлемінде тіркелген 129 науқастың бесеуі шетелден келген. Біз Стамбұлдан бір жолаушыны күтіп алдық, сосын Санкт-Петербург пен Астраханьнан студенттер келген. Жергілікті тұрғындардың саны – 36, оның 20-сы, өздеріңіз білесіздер, Атырау ТШО компаниясында жұмыс істеген. Сосын олармен қарым-қатынаста болған 88 адам бар", – деп түсіндірді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы