Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың реестріне түсте тағы 47 науқас тіркелді.
Нақтырақ айтқанда, Павлодар облысында – 13,
Қарағанды облысында – 2,
Қызылорда облысында – 3,
Жамбыл облысында – 4,
Маңғыстау облысында – 6,
Шымкент қаласында – 8,
Атырау облысында – 1,
Алматы қаласында – 10 адам тіркелді.
Жалпы жиыны анықталған кейстер күн санап артып келе жатқан Алматыда мыңнан астам (1140) адам қауіпті кесел жұқтырған. Ал астанада 650 адамнан ауру расталыпты. Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында кейстер саны 200-ден асып кетті. Дертке шалдыққандар қатары Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 150-дің, сондай-ақ Павлодар, Алматы, Атырау облыстарында 140-тың үстіне шыққан. Ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында 23 науқастан коронавирус инфекциясы табылған.
Жалпы жиыны 3,5 мыңнан астам адамы дертке шалдыққан Қазақстанның бес өңірінен басқа 12 аймағында кейстер саны жүзден асып кетті. Әлеуметтік желі қолданушылары, белсенділердің көбі мұны, дерттің аймақтарға тарауына жол берген «карантин жариялар кезде кемшілік жіберген биліктің жіберген кемшілігі» деп сынауда.
Тұтас әлемді есеңгіреткен жұғуы жылдам әрі аса ауқымды індетті жұқтырушылар саны бойынша Қазақстан қазіргі таңда дүниежүзінде 58-орында тұр. Ресми мәліметтерге қарағанда, елде коронавирус жұқтырған 879 адам сауығып шыққан. Өкінішке қарай, 25 азамат коронавирустан қайтыс болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді