Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 9-ы Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ауырғандардың ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, оларға вирусологиялық зерттеу жүргізілуде. Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86 адамға жеткен.
25 сәуір, сағат 22:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Түркістан облысында 9 адам, Алматы қаласында 13 адам, Ақмола облысында 2 адам, елордасында 7 адам, Қостанай облысында 4 адам, Павлодар облысында 2 адам вирус жұқтырған.
Соңғы мәлімет бойынша Алматы қаласында 827 адам, ел астанасында 471 адам, Қызылорда облысында 170 адам, Шымкент қаласында 161 адам, Қарағанды облысында 113 адам, Атырау облысында 108 адам, Түркістан облысында 107 адам, Жамбыл облысында 103 адам, Батыс Қазақстан облысында 103 адам, Ақмола облысында 91 адам, Павлодар облысында 91 адам, Алматы облысында 86 адам, Ақтөбе облысында 55 адам, Қостанай облысында 43 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 30 адам, Маңғыстау облысында 26 адам, Шығыс Қазақстан облысында 16 адам тіркеліп, коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2601 адамға жетті.
25 адам қайтыс болып, 646 науқас дертінен айығып шықты.
Бейсембі Айгерім