Шұғыл штабтың хабарлауынша, індет жұқтырған тағы 88 адам, оның 75-і Алматыдан анықталды. Кеше түнгі сағат 23:40-та Алматы қаласында 99 науқас тіркелгені хабарланды. 

Бүгін, 14 наурыз сағат 10:24-те Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, астанада – 4 адам, Шымкент қаласында – 1, Атырау облысында – 1, Түркістан облысында – 3, Қарағанды облысында – 1 кейс табылғаны атылды.

Осылайша Алматы қаласы 346 кейс, 2 өлім жағдайы бойынша Қазақстандағы бірінші індет ошағына айналды. Елде тіркелген барлық науқастардың үштен бір бөлігі оңтүстік астанаға тиесілі. Соңғы 12 сағаттың өзінде 174 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. ⠀

Кейстер саны жағынан Қазақстан әлемде 67-орынға шықты. Кувейтте вирус жұқтырғандар саны Қазақстаннан 121-ге ( жалпы 1300 кейс/2 өлім) көптігіне қарамастан, өлім жағдайы Қазақстаннан 7 есеге аз, яғни екі факт. Дәл солай Сингапур (2918/9) мен Катар (3231/7), Бахрейн (1366/9) елдерінде тіркелген кейстер саны еселеп артық болғанымен, өлім саны бізден есеге аз.

“The Qazaq Times”