Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен коронавирус пандемиясының таралуына қарсы күрес, жаһандық жағдай мен екі ел байланысын талқылады.
АҚШ дипломатиясының басшысы Уашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ықпалдастықты арттыру керектігін айтса, мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты.
Ақорда сайтының хабарлауынша, әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласқан. Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы аталды. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі