Ауғанстанның Нангархар уәлаятында террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған операцияларда ұйым мүшесі 27 террорист өлтірілді. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жарияланды.
Нангархар Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеде Ачин ауданына қарасты Дашдил, Абдулхил және Танги аймақтарына әуе мен құрлықтан операция жасалғаны атап көрсетілді.
Ұйымға тиесілі көптеген қару қоймасының да жойылғаны білдірілген мәлімдемеде операцияның жалғасқанын хабарланды.
Ауған қауіпсіздік күштері бір жылдан бері Нангархардың әртүрлі аудандарында ДАИШ-ке қарсы операция жасауда.
"The Qazaq Times"


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді