Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаев жақтастары мен күштік құрылымдар арасындағы қақтығыс бойынша сот төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілді.
Әзірге соттың нақты қашан жалғасатыны белгісіз.
Бұл іс бойынша жалпы 14 адамға, оның ішінде президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязовқа, ұлттық парламент депутаттары Әсел Қодыранова мен Ирина Карамушкинаға айып тағылған. Елдің бұрынғы президенті сот ғимаратына ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан жеткізілді.
Алмазбек Атамбаевқа құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетті, жаппай тәртіпсіздік орнатты, криминалды топ басшысы Әзиз Батукаевқа қолдау көрсетті, Бішкек ЖЭО қайта құру кезінде жемқорлық жасады, Бішкектегі «Форум» өнеркәсіп ғимаратының басшылығымен заңсыз мәмілеге келді және Есік облысындағы Қой-Таш, Ыстықкөлде жер учаскелерін заңсыз жолмен алды деген айыптар тағылған. Сонымен қатар жоғарыда аталған айыптаулардың ішінде «экс-президент адам өлтірмек болды және адам бопсалады» деген бөлім де бар.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел