Қырғызстанда коронавирусқа байланысты жексенбіден бастап төтенше жағдай енгізілді.
Шешім өткен аптада президент Сооронбай Жээнбековтің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданған. Жиында ел аумағында індеттің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шаралар талқыланды.
Қырғызстан үкіметі төрағасының орынбасары Куатбек Боронов: «Ең алдымен адамдардың көптеп жиналуына шектеу енгізу шаралары бойынша шешім қабылданады. Бұл індеттің таралуының басты себебі болып отыр. Осымен қатар халық көп қатысуы мүмкін іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», — дейді.
Коронавирус дертіне байланысты өткен отырыста Үкіметке мемлекеттің төтенше жағдай режиміне көшуге қажетті оперативтік іс-қимылдар қарастыру тапсырылды. Қолға алынған шараға сәйкес елді мекендерде қоғамдық көліктің жүруі және адамдардың қатынауы шектеледі.
Айта кетейік, соңғы деректер бойынша әлемде вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты. Қырғызстанда 14 адам аталған дертке шалдыққан.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы