Сенбі және жексенбі күндері Чикаго қаласының түрлі аймақтарында болған қарулы қақтығыстардан 6 адам қаза болып, кем дегенде 17 кісі жараланды. Бұл туралы «Fox News» арнасының дерек көзіне сүйеніп "Фарс" баспасөзі хабарлады. полицияның дереккөздері жексенбі күні Чикагоның батыс аймағында орналасқан Garfield паркінде көлікте отырған бейтаныс адамдар көшеден 6 адамды оққа ұшырып, қашып кеткенін хабарлады.
Полицияның мәліметі бойынша, осы оқиға барысында екі адам қаза болып, төрт кісі жараланды.
Сондай-ақ жұма күні кешке және сенбі күні атыс оқиғалары орын алды. Құрбан болғандар мен жараланғандардың барлығы 19- 34 жас аралығындағы жастар. "ABC" телеарнасының мәлімдеуі бойынша, жаңа жыл басталғаннан бері Чикагода 700- ден астам адам оққа ұшқан.
Қарулы қақтығыстар Чикаго қаласындағы үлкен әлеуметтік түйткіл саналады. Қаланың кедейлер тұратын кейбір аймақтарында қылмыскер топтардың болуы салдарынан қарулы қақтығыстардың саны Американың өзге қалаларынан әлдеқайда көп орын алады.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау