Қазақстанда төртінші адамдан коронавирус табылды. Бұл туралы 13 наурыз, кеше кешкісін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Оның сөзінше, вирус Алматы қаласының 1976 жылғы тұрғынынан табылды. Ер адам Қазақстанға 13 наурызда Германиядан жолаушылар ұшағымен ұшып келген. Қазір вирус жұқтырған қазақстандық Алматыда арнайы ауруханада жатыр.
Жұма кешке дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Германиядан келген екі адамнан, Италиядан келген бір адамдан Covid-19 вирусы табылғанын мәлімдеген еді.
Қазір Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны төртеуге жетті. Дертке шалдыққандардың бәрі - Қазақстан азаматы.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?