Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі, депутат-консерватор Надин Доррис коронавирус жұқтырған.
ВВС хабарлауынша, министр карантинге алынып, Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі депутатпен байланысқа түскен адамдарды іздей бастады. Мемлекет бойынша барлығы 25 000 тест жасалған.
Қазіргі уақытта ел билігі сақтық шараларын күшейтті. British Airways Италияға және кері қарай ұшатын барлық рейсті 4 сәуірге дейін тоқтатты және компания қызметкерлерінен ақысы төленбейтін демалыс алуларын сұрады.
Ұлыбританияда вирус жұқтырғандар саны 373 адамға жеткен: Англияда 324 адам, Шотландияда 27, Солтүстік Ирландияда 16 және Уэльсте 15 адам. Алты адам дерттен көз жұмған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр