Әлем бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны күн санап артып барады. Ошағы Қытайдың Хубэй провинциясынан басталған вирус бүгінгі күні 89 мемлекетке тарап үлгерген.
Вloomberg мәліметіне сәйкес, әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 101801 адамға жеткен. Қайтыс болғандар саны – 3492 адам.
Коронавирус дерті әлемдік пандемияға айналуы мүмкін деп дабыл қаққан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда аурудың таралуы бәсеңдеп, одан тыс мемлекеттерде артты дейді. Соңғы 24 сағатта коронавирус Қытайдан басқа мемлекеттерде 9 есеге көп анықталып отыр.
6 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда шамамен мыңға жуық адамның карантинде жатқанын хабарлады. Коронавирус табылған елдерден келген 8 мыңнан астам адам дәрігерлер бақылауында. Кеше осы мәселе бойынша бір топ белсенді Алматы қаласының әкімдігіне жиналып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше талапты қамтитын хат жолдады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?