Жаңа коронавирус – COVID-19 вирусы байқалған елдердің саны 81-ге жетті.
Вloomberg мәліметінше, әлем бойынша 97869 адамнан вирус табылса, 3383 адам өлім құшқан.
Соңғы деректер бойынша вирус ең көп таралған елдер тізімі төмендегідей:
| Мемлекет | COVID-19 жұқтырғандар саны | Қайтыс болғандар саны |
| Қытай | 80552 | 3042 |
| Оңтүстік Корея | 6284 | 42 |
| Италия | 3858 | 148 |
| Иран | 3515 | 107 |
| Франция | 423 | 7 |
| Германия | 400 | |
| Жапония | 348 | 6 |
| Ұлыбритания | 115 | 1 |
| Испания | 150 | 2 |
| АҚШ | 126 | 11 |
| Гонконг | 95 | 2 |
| Швейцария | 58 | 1 |
| Аустралия | 52 | 2 |
| Тайланд | 47 | 1 |
| Тайуан | 44 | 1 |
Қазіргі уақытта коронавирустың тарауы себепті көптеген халықаралық шаралар кейінге шегерілуі мүмкін. Мәселен, Италияның ішкі біріншілігі – А сериясының 26 кезеңінің барлық ойындары көрермендерсіз өтетін болды. Соңғы уақытта 2020 жылғы Еуропа чемпионаты өтпей қалуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. УЕФА өкілдері ойындарды қабылдайтын елдердің нұсқауларына сай әрекет етеміз дегенді айтады. 12 наурызда Грекияның Олимпия қаласында басталып, 26 наурызда Жапония аумағында аяқталу жоспарланған олимпиада жоспарына да өзгерістер енгізілуі мүмкін.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?