Жаңа коронавирус – COVID-19 вирусы байқалған елдердің саны 75-ке жетті.
Вloomberg сайтындағы өңделген мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны әлем бойынша 94571 адамға жеткен. Ал қайтыс болғандар саны – 3270 адам.
Оңтүстік Корея қауіпті вирус жұқтырғандар саны жоғары елдер тізімінде тұр: 5766 адам карантинде жатыр, 35 адам қайтыс болды.
Еуропадағы вирус ошағына айналған Италияда наурыздың 15-іне дейін мектептер жұмысын тоқтатты. Соңғы мәліметтер бойынша, мұнда 3089 адам ауруға шалдығып, 107 адам қайтыс болған.
Иранда COVID-19 дерегі барлық аймақта тіркелген. 2336 адам вирус жұқтырса, 77 адам қайтыс болған.
Ұлыбританияда бір күннің ішінде 34 адам вирус жұқтырса, Францияда 257, ал Германияда 262 дерек тіркелді. Сақтық шараларын күшейткен Еуропа елдері бюджеттен қаржылай көмек қарастырып жатыр.
Америкада 126 адам вирус жұқтырса, 11 адам өлім құшқан. Сол себепті Калифорния штатында төтенше жағдай жарияланды. Осы аптада АҚШ-тың өкілдер палатасы коронавируспен күресуге арналған жаңа заң жобасын дауысқа салып мақұлдады. Құжатқа сәйкес федералды бюджеттен 8,3 млрд доллар қаржы бөлінеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр