Парагвайда президентінің қайта сайланбауы үшін парламент ғимаратын өртеп жіберді
Парагвайдың астанасы Асунсьондағы ереуілшілер президенттің екінші қайта сайлануына қатысты қабылданған заңға қарсы шығып, наразылық шеруінде парламент ғимаратын өртеп жіберді.
1992 жылы қабылданған Парагвай елінің Конституцияда, президент лауазымды уақыты бес жыл деп белгіленіп, мерзімінен артық қызмет атқаруына болмайтындығы туралы белгіленген.
Өкілеттік мерзімін 2018-жылы тамамдағысы келмеген мемлекет президенті Орасио Картест тақты оңай босата қойғысы келмегендіктен заңға қайшылық жасаған. Жоғарғы палата парламентінің құпия отырысындағы талқыдан соң, Конституцияға қатысты өзгертулерге қатты алаңдаушылық туындай бастаған.
Шеруге шығушылар ғимараттың айналасына бөгеттерді бұзып өтіп, парламент сарайына лап қойған. Олар ғимаратқа басып кіріп кеңселердегі Картестің жақтаушыларын тауып соққының астына алған. Тіпті бейресми хабарларда ереуілшілер Картестің жақтаушылары арасында бірнеше адамды өртеп жіберген. Парламент сарайында болған бұл оқиғадан бірнеше полиция қызметкері де зардап шеккен.
Мемлекет Конститутциясының өзгертулеріне кейбір сенаторлар мақұл болып, төменгі парламент палатасының келісіміне өткізуге жіберген. Палата спикерінің хабарлауы бойынша, осы мәселеге қатысты сенбі күнгі отырыста, ешқандай шешім қабылданбайтынын айтып, ел азаматтарынан сабыр сақтауды сұраған болатын.
1954 жылдан 1989 жылға дейінгі 35 жылда Парагвай билігі генерал Альфердо Стресснердің қолында болған. Биліктің 1992 жылдан кейінгі жаңа жүйедегі конституциясы қабылданған сәтінен бастап, Парагвай көптеген саяси тұрақсыздықтарға ұрына бастаған. Соның ішінде мемлекет билігін құлатудың бірнеше сәтсіз қадамдары қайталанғаны туралы айтуға болады.
Ауд. Түрген-Бұлақ
“The Qazaq Times”