Қытайдың Ресейдегі елшілігі Мәскеу әкімшілігінің коронавирусқа қарсы күресу үшін Қытай азаматтарына бағытталған сақтық шаралары дискриминациялық сипатқа ие деп бағалады. Сондай-ақ, Ресейдегі Қытай азаматтарына бағытталған мұндай әрекеттерді тоқтатуын талап етті. Қытай елшілігінің айтуынша, Мәскеу үкіметінің бұл әрекеті екі елдің қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін.
Қытай елшілігінің бұндай шағым хатын Ресейлік басылым бұдан екі күн бұрын жария еткен болатын. Бұған дейін Мәскеу әкімшілігі қоғамдық көлікте қатынайтын жолаушылардан қытайлық азаматтарды көрген жағдайда полицияға хабар беруін талап еткен. Бұған қоса Ресей орталық қаласында вирустың ықтимал тасымалдаушыларын табу үшін қытайлық азаматтарды, асханалар мен қонақүйлерді аралап тексеру жүргізген. Сондай-ақ, Қытай азаматтарын тез арада анықтау үшін бет-жүзді автоматты тану жүйесін іске қосқан.
Ресей мен Қытай тығыз саяси-экономикалық және әскери қарым-қатынастағы елдер. Ресейдегі қытайлық екі азаматтан коронавирус анықталып оқшауланғаннан кейін, Мәскеу билігі эпидемияға қарсы қатаң шараларды қабылдады. Сол шаралардың қатарында Қытаймен шекараны жабу және ресми, әскери, гуманитарлық қатынастардан тыс барлық визаны шектеген болтын.
Ресейдегі Қытай елшілігі шағым хатында, қоғамдық көліктерде Қытай азаматтарын аңду шарасы Қытаймен кірбең күйде тұрған АҚШ пен өзге де Батыс елдерінде де болмайтынын алға тартқан. Екі елдің Сыртқы істер министрлігі бұл мәселеге байланысты арнайы түсінік берген жоқ. Бірақ, Кремль тарабы Қытай елшілігінің бұл шағымы туралы білмейтінін, екі елдің қарым-қатынасын бүлдіретін қандай да бір әрекеттерге жол бермейтінін айтқан.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді